Басты Жаңалықтар Кәсіпкер Оралбек Ботбай студенттерге білім алу гранттарын табыстады

Кәсіпкер Оралбек Ботбай студенттерге білім алу гранттарын табыстады

Елімізге белгілі кәсіпкер, филантроп Оралбек Ботбай студенттерге грант тағайындады. Жастар жылындағы жағымды жаңалыққа оқытушылардың да, ата-аналардың да жаны жадырап қалды. Ал, студенттер қаржыдан қысылмай бейқам білім алуға мүмкіндік алды.

Оралбек Ботбай екі жыл бұрын ел ағасы жасына толды. Сол кезде «50 жас – 50 игі іс» қайырымдылық шарасын атқаруды ұйғарған. Осылайша, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және ынталы студенттер оқуын уайымсыз жалғастырсын деп гранттар тағайындады. Мұндай қолдауға Еуразия ұлттық университеті, Темірбек Жүргенов академиясы, Тұран колледжі сияқты оқу орындары тәлімгерлері ие болды. Биыл Қазақ Агротехникалық Универсиетіне Келіп Қуантты.

Еламан Қайруллов, Қазақ агротехникалық университетінің студенті:

- Студенттердің тең жартысы ақылы түрде оқиды. Көбісі түстен кейін оқумен қоса, жұмысты да қатар алып жатыр. Осы бөлініп жатқан грант өте жақсы көмек ретінде берілді. Ең бірінші ата-анама, екіншіден өзіме.

Гранттар елімізге еңбегі сіңген тұлғалар атына берілген. Мәселен, Әбіш Кекілбайұлы, Шерхан Мұртаза, Өзбекәлі Жәнібеков. Тізімді өзге де академиктер толтырып кете береді.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

- Ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығына, олардың қоғамдық белсенділігіне, ұлт алдындағы абыройына соған байланысты еңбектер мен ізденістерді насихаттауға бағытталады деген ойдамыз.

Білім алуға жағдай жасау – үлкен сауап. «Сондықтан, қолдан келіп тұрғанда қапы қалуға болмас», - дейді кәсіпкер. Сондай-ақ, өзі секілді іскер азаматтарды игі іске жұмылуға шақырды.

Оралбек Ботбай, кәсіпкер:

- Осыдан екі жыл бұрын өзім 50 жасқа толған кездегі «50 жас - 50 игі іс» деген тікелей бағдарламамды бастағанмын. Жастарымыз патриот болып, елге қызмет етсін деген мақсат.

Грант көлемі әр түрлі. Кей студенттердің бір жылдық оқуы төленсе, колледждегілердің ақысы толық өтелген. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу