Елімізде ауыл шаруашылығы саласына қаржылай қолдау көрсететін арнайы банк пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтары басшыларымен кездесуінде айтылды. Жиында өнімді өңдеп экспортқа шығару, техниканы жаңарту, мал тұқымын асылдандыру және басқа да мәселелер талқыланды. Агроөндірістік кешенді одан ары дамыту үшін істеліп жатқан жұмыстар жайлы айтылды. Шаруалар мамандардың тапшылығын айтып, несие алу қиындығына шағымданды.
Мұрат Теміржанов, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:
- Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің пакетіндегі ауыл шаруашылықтың үлесі азайып, 2 проценте әзер жетеді. Ал, 5 жыл бұрын 17 процент болған. Мұндай динамика жалғаса берсе, алдағы уақытта банктер ауыл шаруашылығы саласына несие беруді мүлдем тоқтатады. Ол жақсы емес.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.