Мәжіліс депутаттары Шахтинсктегі металл бөлшектер шығаратын зауытқа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Шахтинсктегі металл бөлшектер шығаратын зауытқа барды

08.02.2019

Қарағанды облысына барған Мәжіліс депутаттары Шахтинск қаласындағы металл бөлшектер шығаратын зауытқа да ат басын тіреді. Кәсіпорын өткен жылдан бастап W-7 өндіріс технологиясын еңгізуді қолға алған. Мұндағы ескі механикалық қондырғылар жаңа бағдарламалық басқару жүйесіне көшкті. Қазір осындай үш қондырғы іске қосылған. Оның арқасында жылдық өнім көлемі артып отыр. Елбасы Жолдауына сәйкес, зауыттағы 600 жұмысшының жалақысы да өсіпті. «Жалпы, барлық кәсіпорындарды, соның ішінде индустрияландыру бағдарламасымен іске қосылған жаңа зауыттарды нарыққа икемдесек,  осындай оң көрсеткіштерге қол жеткіземіз», -  дейді депутаттар.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаңа зауыттарды іске қосумен шектелмеу керек. Олардың өндірісін заманауи технологиялар көмегімен дамытып, өнімін нарыққа барынша таратуымыз қажет. Мәселен, Сарандағы үй құрылысы комбинаты толықтай жұмыс істеп тұрған жоқ. Оның шығаратын дайын бетондарын «7-20-25» бағдарламасы арқылы құрылысқа көптеп пайдаланса. Қалада алаңқайлардың инфрақұрылымын жақсарту керек. Оған да жергілікті кәсіпорындарды жұмылдырған жөн. Сонда кәсіпорындарда жұмыс тоқтамайды. Жалпы, индустриялды өңірдің басқа да қала, аудандарында болдық. Даму көрсеткіші бар.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу