Шығыс Қазақстандағы шалғай жатқан елді мекендерде жас мамандар жеткіліксіз. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына да тиісті деңгейде қолдау қажет. «Алда арнайы бағдарламалар қабылдап, жұмыс істеп тұрған жобаларды жетілдірсе», - дейді көпшілік. Мұндай мәселені Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновпен болған кездесуде ауыл жастары көтерді. Депутат шығыс өңірдегі Үржар, Аягөз, Абай аудандарындағы ең алыс деген 20-дан астам елді мекенді аралап, халықпен кездесті. Ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, түрлі сала мамандарымен де жиындар өткізді.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жастардың мәселесін шешу бойынша Елбасымыз «Жас маман» жобасын әзірлеуді, сонымен бірге «Жас кәсіпкер» жобасын, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарауды ұсынды. Ауылға келемін деген, жұмыс істеймін деген жастарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік болады деп ойлаймын.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.