Солтүстік Қазақстанда соңғы күндері аяз қысып тұр. Осыған байланысты үй-күйі жоқ кезбелерге көмек көрсетілді. «Қызыл ай» қоғамының бастамасымен бейімдеу орталығындағы 200-ден астам адамға ыстық тамақ пен жылы киімдер берілді. Жыл басынан бері бұл орталыққа мыңнан астам адам жеткізілген екен. Олардың іздеуде жүргендері, қылмысқа қатыстылары тексеріліп, көмек көрсетіледі. «Бірақ, бір өкініштісі, шыға сала қайтадан кезбелікке салынып, қоғамға бейімделе алмайды», - дейді мамандар. Сондықтан, оларға барынша көмек көрсетіліп тұрады. Әсіресе, қатты суықта үсіп қалмас үшін полицейлер жинап, орталыққа жеткізіп отырады.
Сәуле Оразова, «Қазақстанның Қызыл ай» қоғамы филиалының директоры:
- Мұндай шаралар жиі өткізіледі. Бұл акцияны «Мұқтаждарға арналған ас» деп атаймыз. Бүгін тамақтан бөлек, жылы киімдер, жамылғыштар, қолғап, шұлық, аяқ киім әкелдік. Олардың өмірін түбегейлі өзгерте алмасақ та, осындай қиын кезеңдерде қолдауға тырысамыз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.