Басты Жаңалықтар Қазақстандық әр жас өз жобасымен айналысуы керек

Қазақстандық әр жас өз жобасымен айналысуы керек

Жастарды жұмыспен қамту және жастар стартаптарын дамыту мәселелері бүгін «Жастар және стартап» тақырыбында терең талданды. Қазір IT-стартаптардың дәуірі. Оны санаулы жылдар ішінде миллиардерге айналған «Фейсбук», «Гугл» сияқты жаһандық компаниялар дәлелдеп берді. Сондықтан, Қазақстан үшін Жастар жылында жастар стартаптарын дамыту маңызды болып отыр. Бұл – алдымен екі қолға бір күрек, екінші жағынан әрбір стартап жастар үшін дағдыларды игеру мен жетістікке жетудің тапсырмас алаңы болмақ. Осы ретте, еркін пікірталас алаңында цифрлық даму саласындағы жаһандық тәжірибе, жас IT-дарындыларды тәрбиелеу және оқыту, қазіргі заманғы технологиялық жүйелерді дамытудағы қаржылық тұрақтылық мәселелері қарастырылды.  

Арын Өрсариев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

- Жаңа жобаларды қолға алмас бұрын 4 маңызды кезең сарапталуы тиіс. Әлбетте алдымен идея керек. Екіншіден, оның қоғам үшін маңыздылығын айқындап алу шарт. Кәдеге аса ма, аспай ма оны сынау міндетті. Бұл – үш. Соңғысы, барлық кезеңнен өтіп жетілген жобаны жүзеге асыру үшін қаржы көздері керек. Тек, сонда ғана стартаптар жетістікке жетпек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу