Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында  түрлі сала қызметкерлеріне ағылшын тілі оқытылады

Солтүстік Қазақстан облысында  түрлі сала қызметкерлеріне ағылшын тілі оқытылады

Биыл облыстық тілдерді дамыту орталығы өңірде 25 топ құрып, сабақ бастады. Бұған қоса, мемлекеттік тілді үйретуге арнап 115 топ жұмыс істеуде. Жалпы, оқушылардың білім деңгейіне сай, ағылшын тілін кезең-кезеңмен оқыту  жоспарланған. Олардың әрқайсысына 40 сағаттан бөлінген. Бұл жұмысқа  61 мұғалім тартылды. Қазір сабақтар дүйсенбі және сәрсенбі күндері өткізіліп жатыр.  

Диана Дарбаева, ағылшын тілі мұғалімі:

- 4 ақпан күні жаңа топ құралды. Оларға жаңа бағдарлама бойынша білім береміз. Бағдарлама Д.Петров әдісі бойынша. Сабақтар 1 сағат 20 минут өткізіледі. Өз оқушыларымызға ағылшын әліпбиін үйретуден бастап, еркін сөйлеу деңгейіне дейін жеткізуге тырысамыз. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу