Бұл туралы Үкіметте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Мәліметке сай, аталған тасжол 2010 жылы қолданысқа берілсе де, сапасы еш бүлінбеген. Себебі бұл - бетоннан салынған Қазақстандағы алғашқы жол. Мұнда жеңіл автокөліктер әр шақырымға 1 теңге төлейді, жүк көліктері үшін салмағына байланысты төлем құны өзгеріп отырады.
Ал, жергілікті тұрғындар абонемент алып, жылына мың теңге ғана төлейді. Еске сала кетейік, Алматы - Қорғас, Алматы - Қапшағай және Алматы - Теміртау жолдары ақылы жүйеге ауысқан болатын. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда тағы 5,5 мың шақырым автожол ақылы болады.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- 2018 жылы Астана-Бурабай ақылы жолынан шамамен 1,5 млрд теңге түсті. Яғни, шақырымына 1 теңгеден алсақ та, жол бөлігін нормативке сәйкес күтіп-баптауға толығымен жетеді. Одан артылған қаражат өзге жолдарға беріледі.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.