Қар құрсауында қалған 12 көлік шығарылған. Кеше ауа райына байланысты барлық жолдар жабылды. Алайда, тұрғындар ескертуге қарамастан, жолға шығып кеткен. Бүгін де облыстағы бірнеше бағыт бойынша жеңіл көлік қозғалысына шектеу қойылды. Аймақта арнайы штаб құрылып, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Ербол Сағындықов, облыстық ТЖ департаментінің бөлім бастығының м.а.:
- 5-6 ақпан күндері 224 адам құтқарылды. 12 көлікті қардан алып шықтық. 187 адам жылыту орындарына жеткізілді. Жергілікті полиция қызметі мен атқарушы билік өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқарудамыз. Облыс бойынша 239 жылыну және 167 тамақтану орны дайындалған. Тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Тәуекелге бармаған абзал.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.