Алматыда «Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өтті

06.02.2019

Алматыда Жастар жылына орай, «Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өтті. Онда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік «Достық» ассамблеясының мүшелері өнер көрсетті. Жалпы, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын университетте бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бойынша 10 мыңнан асатәлімгер білім алады. Олар болашақта ел өңірлеріндегі шаруашылықтарды ғана көтермей, ауылдардың мәдениет пен өнерін де өркендетуге атсалысады. «Сондықтан,оқу ордасында білім алумен қатар, рухани кемелденуге ден қойылады», - дейді оқытушылар.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- 2003 жылы университетіміздің жанынан «Достық» студенттік ассамблеясын аштық. Оның негізгі құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Университетте 27 ұлттың өкілі оқиды. Бүгін алдымызға қойып отырған мәселе - ұлтаралық қарым-қатынас, достық.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу