Солтүстік Қазақстанда әскери тізімге алынатындардың 30 пайызы дімкәс болып шықты
16-ға енді толған өрімдей жастардың көбі жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан, болмаса көру қабілеті нашар. Сондықтан, биыл әскерге баратындардың саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмен.
Амангелді Есім 16-ға толып, қалалық әскери комиссариатқа есепке тұруға келген. Тепсе, темір үзетін жігіт Отан алдындағы борыштан жалтаруды ар санайды.
Амангелді Есім, студент:
- ВДВ-ға қуана-қуана барар едім. Онда алмаса, танкист боламын.
«Бүгін комиссиядан өтуге келген 50 шақты бозбаланың кем дегенде 20-сы дімкәс болып шығады»,- дейді мамандар. Көбі денсаулығын күтпеген, ата-аналары немқұрайлы қараған.
Татьяна Дегтярева, терапевт-дәрігер:
- Артериалдық гипертония, астма сияқты аурулар көбейіп кетті. Мұның барлығы да болған, бірақ қазір көбейіп кетті. Ауа райы, дұрыс тамақтанбаудан деп ойлаймын.
Жыл сайын теріскейде 3 мыңға тарта жеткіншек әскери есепке алынады. Борышын өтеуден жалтаратындар жоқтың қасы. Көбіне, денсаулықтарына байланысты шеттетіледі.
Жандос Жаманбалинов, Петропавл қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы:
- Аурулары маңызды болса, оларға жарамсыз деген билеттерін береміз. Емделетіндер болса, оларға мерзімін ұзартамыз. 1-2 жылдан соң қайта қараймыз. Жараса, әскерге жібереміз.
Қазіргі таңда әскери есепке енгізу барысында алдымен психологиялық тұрғыдан ұстамды, дені сау жастар ғана таңдалады. Бұл ең алдымен Отан қорғаушылардың сапалық құрамына әсер етеді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы