Синоптиктер алдағы 3 күнге қатысты ауа райы болжамын жария етіп, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аяз болатынын ескертті. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық ағындардың және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонның салдарынан елімізде қар жауады, бұрқасын болып, күшті жел соғады. Оңтүстік облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қар жауған соң Кар теңізінде орналасқан антициклонға байланысты еліміз аумағына арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында -35-45°С дейін қатты аяз болады. Оңтүстік өңірлерге де суық жетіп, ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30°С дейін төмендейді. Алдағы күндерге жоспар құрғанда осы мәліметтерді ескергендеріңіз артықтық етпес.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.