«Тұлпар мініп, ту алған». Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осындай атауды арқау еткен республикалық сайыстың басталғанын жария етті. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатыса алады. Жас өрендер «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Жобаның аясында 50 мың мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннесс рекордтар кітабына тіркеу туралы өтінім беру жоспарланған.
Жоба аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Облыстық кезеңде 1-орын үшін 1000000 теңге, 2-орын - 600000 теңге, 3-орын алғандарға 300000 теңге табысталады. Қазіргі таңда республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.