Киікті қорғаймын деп қызмет бабында қаза тапқан Ерлан Нұрғалиев адал еңбектің үлгісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киікті қорғаймын деп қызмет бабында қаза тапқан Ерлан Нұрғалиев адал еңбектің үлгісі

04.02.2019

Браконерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің есімін ұлықтау туған жерінде де жалғасуда. Баршын елді мекеннің тұрғындары ерлікпен қаза тапқан инспекторға бюст орнатып, көше атын беруді жоспарлап отыр. Айта кетсек, қызмет барысында жүрген Ерлан Нұрғалиев пен әріптесі қаңтар айында жұмыс барысында екі көлікке мінген табиғат қаскөйлерін байқап қалған. Оларды тоқтатып, тінту кезінде браконьерлер қарсылық көрсетіп, бір инспектордың жағын сындырып, екіншісі бас-сүйегінен жарақат алған еді. Алайда, дәрігерлер Ерлан Нұрғалиевтің өмірін сақтап қала алмады. Ол Астанадағы 1 ауруханада көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікті 3 адам бір аптадан соң Қызылорда облысының аумағынан ұсталды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу