Ақтөбелік кәсіпкер жерлестеріне жерасты өткелін салып бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік кәсіпкер жерлестеріне жерасты өткелін салып бермек

04.02.2019

Ол үшін 70 миллион теңгесін жұмсамақ. Себебі, қауіпсіз шамасында қаржы жұмсауға дайын. Көпір құрылысымен айналысатын серіктестіктің басшысы бұл игілікті іс үшін өзінің мерейтойын тойлаудан да бас тартыпты.

Жақсыбек Кемал, тілші:

- Саяжай аумағында тұратындар бұл жолдан жандарын шүберекке түйіп өтеді. Әсіресе, мынадай мектеп жасындағы балаларға аса қауіпті. Бұл жерге көліктердің жылдамдығын тежейтін жасанды кедергі орнатылғанмен, оның да пайдасы аз болып тұр.

Жанар бұл жерден күніне бірнеше рет өтеді. Cебебі, арғы бетке өту қауіпті болғандықтан, балаларын жалғыз жіберуге қорқады. Өзі де бірнеше рет оқыс оқиғаның куәсі болған.

Жанар Зайдоллаева, қала тұрғыны:

- Баламды бірнеше рет мектепке алып өтемін. Жаяужолдан қорқамыз. Баламды басып кете ме деп. Бірнеше рет сондай жағдайлар болған.

Қалаға іргелес орналасқан саяжайда мыңдаған халық тұрып жатыр. Балаларын күнде күре жолдың екінші бетінде орналасқан мектепке апарады. Осы жолдан өтіп бара жатқан 5-сынып оуқшысы былтыр қаза тапты. Кәсіпкер Төлеген Таңатаровтың  сол қайғылы оқиғаның куәсі болған.  «Сондықтан, халық игілігі үшін өткел салып беруді ұйғардым», - дейді.

Төлеген Таңатаров, кәсіпкер:

- 2-3 бала сол арада шейіт болды. Көлік басып кетті. Қозғалыс көп. Тездетіп істеп берсек, халық үшін керек зат.

Мамандар «өткелді екі-үш айда салып боламыз», - дейді. Дегенмен, қазір жаңа әдістерді қолданып, құрылысты одан да жылдам бітіруді көздейді.

Жасұлан Хамидуллин, инженер-геодезист:

- Плиталармен, бетонмен кәдімгідей жерасты өткелі болып есептеледі. Жүкі көліктерін көтеретіндей етіп салуға тырысамыз.

Кәсіпкердің ұсынысын қала басшылығы да қуана қабылдаған. Қазір жобалық-сметалық құжаттары рәсімделіп жатыр. Бәрі дұрыс болса, құрылыс алдағы екі-үш аптаның көлемінде басталуы тиіс.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу