Мәжіліс депутаттары Қызылордадағы цемент зауытының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Қызылордадағы цемент зауытының жұмысымен танысты

04.02.2019

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі цемент» зауыты жылына 1 миллион тонна цемент өндіреді. Жұмысшылардың дені жергілікті жерден. Кәсіпорын аграрлы аймақтан индустриалды өңірге айналған Сыр елінің ғана емес, ел экономикасын еселейді. Тампонажды цемент құрылыс, мұнай, газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады. Облысқа жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары зауыт жұмысымен танысты. Өндірісте жаңа технологиялар пайдаланылады. Жалпы, кәсіпорынның болашағы зор. Бұл - еліміздегі қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуалдың жемісі. 

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпорынның келешегі зор. Қазірдің өзінде 160-тай жас жұмыспен қамтылған екен. Алдағы уақытта 259 адам жұмыс істейтін болады. Алғашқы жылы 80% жергілікті жерден болады. Жастар болады. Бұл жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешуге оң септігін тигізетін жоба.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу