«Қылмыстық саясаттың қазіргі мәселелері». Қостанайда осындай атпен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын мақсаты - заң тетіктерін жетілдіру, заман талабына сай жаңашылдықтар енгізу. Себебі, бүгінгі қолданыстағы қылмыстық заңнама бұл жүйедегі бірқатар түйткілдерді шешуге қауқарсыз. Басқосуға еліміздің Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдар мүшелері, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Қостанайда осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылған бұл конференцияның заң талаптарын жетілдіруде атқаратын маңызы зор.
Асылбек Смағұлов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшесі:
- Әрине, осы жерде айтылған ұсыныстар кезінде қабылданған Қылмыстық кодексте ескерілді. Ғалымдардың айтқан ұсыныстары сол кезде қабылданған, қазір қабылданып жатқан заңдарға енгізілді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.