Ресейдегі қазақ дипломаттары ерекше акция өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақ дипломаттары ерекше акция өткізді

04.02.2019
Ресейдегі қазақ дипломаттары ерекше акция өткізді

Ленинград қоршауының бұзылғанына - 75 жыл. Осыған орай, Ресейдегі қазақ дипломаттары ерекше акция өткізді. Мәскеу жұртына 872 бауырсақты таратып берді. Оның мәні - Ленинград блокадасы тура 872 күнге ұласқан. Жалпы, қыспақта қалған қаланы қорғауға қазақ жауынгерлері ғана емес, тыл еңбеккерлері де еселі үлес қосты. Ресми деректер бойынша, соғыс жылдарында Қазақ жерінен майданға деп 6 мың тоннаға жуық нан жөнелтілген. Сондықтан, Ресей астанасындағы Абай ескерткішінің жанында өткен шарада елшілік қызметкерлері Мәскеу тұрғындарына осындай мәлімет беріп, арнайы парақшалар таратты. Шара мақсаты – Жеңіс күнін жақындату жолында аянбай тер төккен еңбек адамдарын ел есінде жаңғырту.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу