ҚР Кәсіподақтар федерациясының барлық өңірдегі өкілдіктерінде Татуласу орталықтары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Кәсіподақтар федерациясының барлық өңірдегі өкілдіктерінде Татуласу орталықтары ашылды

01.02.2019

Онда дауларды, оның ішінде еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешу әдісі қолданылады. Астанадағы орталықтың ашылу шарасы бүгін өтті. Бұл жерде тек медиатор мамандар ғана емес, психологтар да қызмет көрсетеді. Бұл шаралар Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар федерациясы арасындағы әріптестік аясында жүзеге асты. Ол бойынша федерация мен оның аймақтағы бөлімшелері медиатор мамандарға ғимарат беру мәселесі бойынша және әдістемелік көмек көрсетеді. Былтыр медиация арқылы елде мыңға жуық еңбек дауы шешілген. Айта кету керек, Кәсіподақтар федерациясы - Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым. Оған 2 миллиондай қазақстандық мүше.

Жанар Үсіпбекова, ҚР Кәсіподақтар федерациясы оқу орталығының директоры:

- Еңбек дауларын, әлеуметтік және этносаралық дауларды біз қараймыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу