Көпқабатты үйлердің ортақ шығындарын ПИК төлеуі тиіс
Көпқабатты үйлердің ортақ шығындарын пәтер иелерінің кооперативі төлеуі керек. Тұрғындар мұндай төлем келсе, төлемеуіне болады. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің өкілдері айтты. Тәртіп бойынша үйдің ортақ шығындарын пәтер иелері кооперативі төлеуі керек. Алайда, кейбір пысықай кооператив басшылары бұл төлемді пәтер иелеріне төлетіп келген. Бұл мәселені өткен аптада бір топ Парламент депутаты да көтеріп, Үкіметке ресми сауал жолдаған. Министрлік өкілі мұндай төлемі бар түбіртек келсе, оны төлемеуге болатынын ескертті. Ал, анықталған деректер бойынша тексеріс жүргізілетін болады.
Марғұлан Әбдікәрімов, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі департамент директорының орынбасары:
- Шығын ішіне кіріп тұруы керек. Оны бір рет төлегеннен кейін ПИК-тері түбіртекке енгізбеуі қажет. Біреулер халықтың білмегенін пайдаланып қосып отыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы