Шығыс Қазақстанда кейбір мемлекеттік мекеме басшылары даңғарадай кабинетте отыр. Ал, қарапайым қызметкерлер болса, қысылып-қымтырылып тар бөлмеде жұмыс істеуге мәжбүр. Мұндай келеңсіз жағдай Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізген рейд кезінде белгілі болды. Оңтайландыру іс-шаралары мемлекет ақшасын үнемдеуді де көздейді. Өйткені, ат шаптырым аумақтардың барлығын жылытуға, күтіп-ұстауға қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Аудандардың бірінде мемлекеттік органға тиесілі үлкен ғимарат мүлде бос тұрғаны, кейбір жерде қонақ күтуге арнайы зал жасалғаны да анықталды.
Жанна Қабдолдақызы, Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы:
- Басқарма басшысы орынбасарының кабинеті нормативке сәйкес келмейді. Ол кісі кең отырды, ал, оның қызметкерлері, 6 адам, керісінше қысылып бір кабинетте отырды. Оларға жұмыс орны жеткіліксіз болды. Енді басшы өз кабинетін қызметкерлерге береді де, кіші кабинетке өзі көшеді.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.