Атырау облысында автокөліктеріне ксенон қондыратын жүргізушілер саны күрт көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында автокөліктеріне ксенон қондыратын жүргізушілер саны күрт көбейген

31.01.2019

Атырау облысында автокөліктеріне ксенон, LED шамын қондыратын жүргізушілер саны күрт көбейген. Өткен жылы аталған бағытта 97 дерек тіркелген. Сорақысы сол, биыл 2 күннің ішінде 200-ден аса заңбұзушылық анықталыпты. Мамандардың айтуынша, бұл әрекет өз кезегінде жол бойындағы қайғылы жағдайдың артуына әкеліп соғады. Өйткені, аса куатты шамдар жарықты шамадан тыс мөлшерде бөледі. Сол себепті, қарсы бағыттағы жүргізушінің көзін байлап, кедергі жасайды. Осыған орай, ақпан айына дейін «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасы өтуде.  

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Жалпы, жүргізушілерге өздерінің көліктеріне қандай техникалық өзгерістер енгізсе, соны жоюдың шараларын алуды ескертіп жатырмыз. Орындамаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады. Бұдан бөлек, департамент бастығының бұйрығымен жүргізілетін жедел алдын алу шарасы барысында тек жеңіл көліктер емес, автобустар да тексерілетінін хабарлаймыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу