Қылмыстық топ үш жыл бойы Ресейден Батыс Қазақстанға битум әкелумен айналысқан. Фирма директоры Орынбор зауытынан жалған құжат арқылы мұнай өнімін алып, құрылыс компанияларына сатқан. Оған зауыт директорымен қоса, өзге де 4 адам сыбайлас болған. Ал, біздің елге битум кіргізуге тыйым салынған. Қылмыстық топтың жетекшісі Қайрат Намазбаев тағылған айыппен келіспеді. Бірақ сот 6 адамды да айыпты деп таныды. Сондай-ақ, сотталғандардан мемлекет пайдасына 539 млн теңге шығын мен құны 4 млрд теңге болатын қылмыстық жолмен табылған мүлік тәркіленеді.
Қайрат Шалқаров, БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Сот үкімімен Қайрат Намазбаевқа 10 жыл, Ж.Қайырбаев, Т.Қалиев, А.Балтұрманов және Н.Кенженовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жұмыстары орындалмаған, қызметтері көрсетілмеген, тауарлары жөнелтілмеген шот-фактуралар жазуға барған Бақытжан Жақатаев 5 жылға сотталды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.