Олардың бірі 10 жылға, екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдарына сүйенсек, лаңкестік топ басшысы 2015 жылдан бері Ислам дінінің дәстүрлі емес ағымын насихаттап келген. Сол кезден бері террорлық топ құрып, қарулы жиһад жасау мақсатында таныстарын үгіттеп жүрген. 2017 жылы ол қазір өзімен бірге сот жауапкершілігіне тартылған 20 жастағы серігімен сыбайластық орнатып, қара пиғылын іске асырмақ болған. Алайда, бұл ниеттері жүзеге аспай тұрып ұсталды. Сот бүгін осы іске қатысты үкім шығарды.
Бекзат Шалғымбаев, судья:
- Штукарь Дмитрий Михайлович ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы 1-ші бөлімі, 256-бабы 2-і бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ошыбаев Мұқанбетәлі Нұрланұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 257 және 256-баптарының 2-ші бөлімдері бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын.
Сотталушылардың қорғаушылары судья шығарған үкіммен келіспейді. Енді екі сотталушы өз уәждерін жеткізу үшін істі аппеляцияға бермек ниетте.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
