«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында биыл 5,7 миллиард теңгеге 392 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бұл былтырға қарағанда бес есеге көп. Атап айтқанда, облыстық маңызға ие Ұзынкөл-Сарыкөл бағытындағы жол қайта жаңартылады. Сондай-ақ, Қостанай халықаралық әуежайындағы жұмыстар толығымен аяқталады. Әуе қақпасының ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылған. Нысанды жаңғыртудың нәтижесінде жолаушылар және жүк тасымалы бағытында жаңа рейстер ашылады.
Алексей Костюков, облыстық Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасы басшысының орынбасары:
- Жөндеуден соң, әуежай үлкен әуе кемелерін қабылдай алады. Көлемді жүктерді еш кедергісіз шет елдерге, өзге облыстарға жеткізуге мүмкіндік туады. Әуежай халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.