Басты Жаңалықтар Жаз айында ашылған Қарқаралыдағы сүт өңдейтін цехтың жұмысы тоқтап тұр

Жаз айында ашылған Қарқаралыдағы сүт өңдейтін цехтың жұмысы тоқтап тұр

Себебі шикізат тапшы. Мамандардың айтуынша, тибеттік технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорынға майлылығы 4 пайыздан кем емес сүт керек екен. Ал, ауылдағы ақтың майлылығы 2 пайыздан аспайды. «Бұл құрт-ірімшік қайнатып, айран ұйытып, май шайқауға мүлдем келмейді», - дейді қожайыны.

Сламбек Қинаятұлы өткен жазда «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» 18 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, осы цехты іске қосқан еді. Тәулігіне 2 тонна сүт өңдеп, 11 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынды тығырықтан шығарудың жалғыз жолы - мол әрі сапалы сүт беретін асыл тұқымды ірі қара асырау.

Сламбек Қинаятұлы, кәсіпкер:

- Амандық болса, «Сыбаға» бағдарламасымен 50 бас сиыр алсақ, сол 50 басты молайтып, содан кейін оны партияға бөліп, цех жұмысын тоқтатпай жүргізуге мүмкіндік аламыз деп отырмыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу