Екібастұздағы Жылу электр орталығында жұмысшы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы Жылу электр орталығында жұмысшы қайтыс болды

29.01.2019

Екібастұздағы  «Жылуэнерго» орталығында жұмысшы қаза тапты. Белгілі болғаны, 39 жастағы азамат ыстық суға күйіп қалған. Қазандық агрегатында ақау шыққанын байқаған ауысым басшысы қысым өлшегіш құралды тексере бастайды. Дәл сол уақытта құбыр жарылып қайнап тұрған су атқылаған. Әріптестері жарты сағат уақыт өткен соң ғана барып, өне бойы күйіп қалған жұмысшының  денесін тапқан. Жедел жәрдем шақыртылғанмен, дәрігерлер аман алып қала алмады. 

Абай Сабыров, облыстық Еңбек басқармасының бөлім басшысы:

- Арнайы тергеу комиссиясы құрылып жатыр. Ол заңмен, Еңбек кодексімен 10 жұмыс күні бойы тергеу жұмысын жүргізеді. Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы белгілі болад. Тергеу аяқталғаннан кейін егер кінәлі адамдар болса, жауапқа тартылады.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу