Еліміздің темір жол қозғалысындағы қауіпсіздік бұзушылығы 29 пайызға азайған
2017 жылы жолдағы оқыс оқиғалар саны 248 болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 176-ға түсті. 92 жағдай темір жол торабындағы ақауға байланысты болған. 72-сі жүк, бесеуі жолаушылар пойызының қатысымен болған. Жолдарда орын алған келеңсіздіктерге арлы-берлі өтетін малдар да себеп болып отыр. Қазір мал иелеріне салынатын айыппұл құнын 1 -ден 10 айлық есептік көрсеткішке арттыру жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, қоршауларды да мықтап бекіту қолға алынды. Сондай-ақ, өткен жылы 9 адам пойыздың астына түсіп қаза болған.
Марат Шәкенов, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры:
- 3 жас бала құлақтарына құлаққап киіп алып, сигналды естімей қалған. Алтауында психикалық ауытқулар болды. Әдейілеп жасалған өткелдер бар. Адамдар өздеріне жеңіл жерді іздеп, қоршалған торларды ойып тастап, сол тордың ішімен жүреді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы