Қарағанды облысында белсенді жастар «Қайнар» сыйлығымен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында белсенді жастар «Қайнар» сыйлығымен марапатталды

29.01.2019

Қарағанды облысында дәстүрлі «Қайнар» жастар сыйлығы өз иелерін тапты. Осылайша, өңірдің қоғамдық, әлеуметтік, шығармашылық өміріне олжа салғандар марапатталды. 10 аталым бойынша 115 үміткер қатысқан байқаудан қара үзіп келгендердің бірі - Асыл Жұманов. Ол Қарағанды облысы Полиция департаментінің темір жол полициясы қызметкері. Ол отқа оранған үйдің ішінен бірнеше баланы аман алып шыққан. Осы ерлігі үшін Президент қолынан да медаль алды. Енді міне, туған жерінде де қошеметке бөленді.  

Асыл Жұманов, «Үздік отан қорғаушы» номинациясының лауреаты:

- Бұл өте жақсы шара. Қазақ жастары отансүйгіш, намысты, бір-біріне көмек қолын соза алатын, ел үшін жаны ауыратын болуы керек.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу