Басты Жаңалықтар БҚО-ның Жәнібек ауданына қар тазалауға көмекке 3 техника жетті

БҚО-ның Жәнібек ауданына қар тазалауға көмекке 3 техника жетті

Қар құрсауында қалған Жәнібек ауданына техника жетті. Бұған дейін жаңалықтарда Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты бірнеше елді мекенде ауа райының қолайсыздығына байланысты қатынас қиындағанын айтқанбыз. Оралдан 550 шақырым қашықтықтағы ауданға көмекке шыққан техника бірнеше күн дегенде әрең жеткен. Қазір жұмысшылар іске кірісті. Ал, боран көз аштырмай тұр. Демалыс күндері өңірде күшті жел мен кей жерлерде бұрқасын болып, барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Азамат Сафималиев, Жәнібек ауданының әкімі:

- Облыстан көмек ретінде ауданымызға 3 техника келді. Бір К-700, ол Казталовкадан әрі қарай Қараоба, Қошанкөл, Еңбек жақтан өтіп, Қамыстыға келді. Одан бөлек екі тиегіш техника келді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу