Түркістан облысынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бет алған көлікте 60-қа жуық шетел азаматы болған. Дені Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Сынған көлік иесіне жол-патрульдік полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Жолаушылар дін аман.
Сондай-ақ, өткен апта соңында Тайынша ауданының аумағында да жолаушылар көлігі бұзылып, 15 жолаушыға дер кезінде көмек көрсетілді.
Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Ауа райының күрт суытуына байланысты полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген қызмет атқаруда. Жол үстіндегі өткен-кеткен көліктерді тексеріп, азаматтарға көмек көрсетуде.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.