Елімізде браконьерлермен күрес күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде браконьерлермен күрес күшейеді

25.01.2019

Елімізде соңғы 4 жылда 811 браконьер ұсталып, оның тек 158-і бас бостандығынан айырылған.  Тіпті, 600-інің ісі сотқа жетпепті, тек айыппұл арқалап кеткен. Парламент Сенатының депутаттары  осы орайда, заңнамалық өзгерістер қажет дейді. Браконьерлердің саны жылдан жылға өсіп жатыр, ал, инспекторлардың жағдайы керісінше көңіл көншітпейді. Олардың жалақылары 60-70 мың теңгенің айналасында. Заңсыз аң аулаушылар заманауи техникамен жабдықталған, ал, егерьлердің 50- 60 пайызының көлігі істен шыққан. 13 қаңтарда қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің қолында спутник арқылы хабар беретін құрал болған кезде қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік бар еді. Ішкі істер министрлігінің жұмысы жетілмей, шекарадағы былық ашылмай, қалтасын қалыңдатып, бармақ басты көз қысты арқылы киіктің мүйізін саудалағандар өз бизнесін өркендете бермек. 

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламент Сенатының депутаты  :

- Іс қозғалғаннан кейін ол сотқа жету керек. 50 пайызға дейін іс сотқа жетпейді, алынған айғақ ретіндегі заттар жоғалып кетіп жатады.

Инспекторлардың құқығы заңнмен қорғалмаған. Браконьерлерді ұстаймыз деп жүріп өздері жауапкершілікке тартылып кетіп жатқан жағдайлар да жоқ емес. Енді Парламент Сенаты заңнамалық өзгерістерді енгізуді көздеп отыр. 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу