Басты Жаңалықтар Астана жастарына жергілікті атқарушы орган өкілдері консультациялық көмек көрсетті

Астана жастарына жергілікті атқарушы орган өкілдері консультациялық көмек көрсетті

Шара жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын жүзеге асыру барысында өткізіліп отыр. Әр азамат өзінің қалаған сұрағын жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы, Азаматтарға арналған үкімет, Жұмыспен қамту орталығы, Медиация орталығы сынды мекеме өкілдеріне жолдады. Сондай-ақ, кәсіби заңгер мен психологтардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Халықты, көбінде үй алу бойынша сұрақтар қызықтырады екен. Игі шара өткен жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оның қорытындысы бойынша мыңдаған адам мамандардан кеңес алып, 100 шақты кісінің мәселесі шешілген. Екі аптада бір мәрте өткізілетін кездесу келесіде «Mega Silk Way» сауда орталығында болады.

Үкібай Нұрпейісов, «Астана жастары» орталығының басшысы:

-Шетте қалып қойған жастар бар. Базарда жүреді, мешітте жүреді. Осындай жастарды өзімізге барынша тартып жатырмыз. Кеңес беру арқылы 569 адам жұмысқа тұрыпты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу