Ақтөбеде 4 тәулік ішінде көші-қон заңын бұзған 52 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Республикалық «Мигрант» жедел алдын алу шарасы облыс аумағында қаңтар айының 16-сы мен 20-сы аралығында өткен еді. Нәтижесінде, заңнаманы бұзған 335 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, еліміздің 61 тұрғынына шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылған. Мамандардың айтуынша, әсіресе, Өзбекстан азаматтары құжаттарын уақытында рәсімдеуге асықпайды екен.
Бекболат Бұқанов, облыстық ІІД Көші-қон қызметінің инспекторы:
- 52 шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылды. Ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген Өзбекстан Республикасының бір азаматына қатысты ҚР ҚК 393-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.