Мәскеуде «Қазақ жолы» зияткерлік клубының отырысы өтті
Бай тарихы мен ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымына сай - қазақтың өз жолы бар. Сондықтан, еліміз өткенді естен шығармай, дамудың өзіндік жолын табуы керек. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде өткен «Қазақ жолы» зияткерлік клубының отырысында осындай ой айтылды. Жиында Мәскеуде оқып жатқан қазақтың магистрант және докторант жастары, Президенттің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ойларын пайымдады. Олардың айтуынша, қазақтың тарихын тірілту арқылы, ұлтымыздың ұғымындағы «жол», «ата-баба аманаты», «елге қызмет ету» сынды асыл ұғымдарды санада қайта жаңғырту керек. Басқосуда, жастар Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Иран сынды қазақтар көп шоғырланған елдерден Назарбаев зияткерлік мектептерінің негізінде, Еуразиялық мектеп-интернаттарын ашуды ұсынды. Сондай-ақ, «мемлекеттің 5 негізгі белгісі бойынша, Астанадан «Балбал тас», «Шежіре», «Қару-жарақ палатасы», «Орда» және «Теңге сарай» мұражайларын ашу қажет», дейді.
Нұрлан Асқаров, М.В Ломоносов атындағы ММУ докторанты:
- Бір сөзбен айқанда, «жол» қазақтың өткен тарихи тәжірибесін, тарихын, дүниетанымын және болашақ аңсарын қамтитын бір жиынтық ұғым. Осы әр халық өзінің жолын тапқанда, табиғатына сай іс-әрекетін жасаған кезде дамудың даңғыл жолына түседі.
Қазыбек Дәуітәлі, РФ үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының докторанты:
- «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы ата-бабаларымыз туралы 15 рет, «Рухани жаңғыруда» 5 рет айтуы кездейсоқ дүние емес. Бүгінгі біздің атқарып жатқан ісіміз - ата-бабаларымыздың аманатына адалдық және келер ұрпаққа соны қайтарып беру.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы