Әскерилерді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған заң өзінің тиімділігін көрсетті. Жалдамалы емес, өз баспаналарына ие бола бастағандардың қатарында жабық әскери қалашықтарда тұратындар бар. Қорғаныс министрлігінің сайтында көрсетілген жедел желіге хабарласып, қажетті кеңес алуға болады.
Жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда жекешелендіруге жатпайтын баспаналарда тұратын, күнтізбелік есептеуде 10 және 20 жыл аралығында еңбек өтілі бар 700-ден аса әскери зейнеткер жаңа тұрғын үй заңнамасы нормаларына сәйкес ауыстыру арқылы баспанамен қамтамасыз етіледі.
Аталмыш норма 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін әскери қызметте шекті жасқа жеткен, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқаруына байланысты босатылған адамдарға қатысты.
Андрей Полозов, әскери ардагер:
- Өте қуаныштымын. Енді өз баспанам бар, бұрын ақша пәтерді жалға алуға кететін. Бұл өте тиімді болды.
Қазіргі уақытта республика бойынша жоғарыда көрсетілген әскери зейнеткерлер санатына ауыстыру арқылы 22 пәтер ұсынылды. Астана қаласы бойынша Ақмола өңірлік гарнизонының комиссиясы қалдық баланстық құн бойынша сатып алу арқылы жекешелендіру құқығын әрі қарай іске асыру үшін 4 әскери зейнеткерге баспананы ауыстырып берді.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.