А.Бараев орталығының ғалымдары бидайдан 46,5 центнер өнім алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Бараев орталығының ғалымдары бидайдан 46,5 центнер өнім алды

22.01.2019

А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы былтыр бидайдан 46,5 центнер өнім алған. Бұл туралы осы орталықтың директоры Кенже Абдуллаев айтты. Бұл жетістікке жету үшін ғылыми орталықтың мамандары бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізген. Атап айтсақ, «Дамсинская-2017» деп аталатын бидай сортынан шығарылған. Солтүстік аймақтардың климатына бейімделген бидай сорты 2018 жылы мол өнім берген. Жалпы, орталықтың ғылыми жұмыстарына біраз қаржы бөлінген. Тек биыл 40-тан астам жаңа техника сатып алынып, зертханалар жаңартылған. Енді жас мамандарды орталыққа көптеп тарту үшін жатақхана салу мәселесі қолға алынған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу