Қостанай облысында жол күтіміне 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жол күтіміне 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.01.2019

Қостанай облысында биыл жолдың күтіміне 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның басым бөлігі қыс айларында тұрақты әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге жұмсалады. Аймақта жол күтімімен айналысатын 71 кәсіпорын бар. Оның 9-ы облыстық маңызы бар жолдарда, 62-і аудандық маңызы бар жолдарда қызмет көрсетеді. Техника мен адам күші жеткілікті. Тиісті қызметтердің жедел, үйлесімді жұмысының арқасында биыл жол бойында оқыс оқиға тіркелген жоқ. Облыс аумағындағы республикалық маңызды жолдардың 126 учаскесінде қар басу қаупі жоғары. Оның жалпы ұзындығы - 300 шақырымға жуық.

Андрей Горват, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай филиалының директоры:

- Бұл жерлерде қар басу қаупі жоғары болу себебі, жолдың құмы аласа үйілген. Жиекке жағалай отырғызған ағаштар да қар ұстайды. Сондықтан қыс бойы қар тоқтату жұмыстарын жүргіземіз. Былтыр 10 шақырым жерге темірбетон қабырға тұрғызылды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу