Басты Жаңалықтар Петропавлда заңсыз жұмыс істеп жүрген 16 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Петропавлда заңсыз жұмыс істеп жүрген 16 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында құрылыс нысандары мен сауда-саттық орындары тексеріліп, 259 заң бұзу дерегі анықталды. Олардың дені Қазақстанға кірерде салық төлемеу үшін келу мақсатын дұрыс көрсетпей, жұмысқа тұрады. Жалпы, былтыр облыста 5 жедел алдын алу шарасы өткізіліп, 200-ге тарта мигрант елден шығарылды.

Ермек Нұсұрбаев, облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекет жасау мақсатында 2018 жылдың басынан облыс аумағында 5 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың арқасында 3 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапткершілікке тартылды. Соттың шешімімен 189 шетелдік елден шығарылды. Шетел жұмыс күшін заңсыз қолданған 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу