Қазақстан азаматтарын Сириядан алып келуге байланысты гуманитарлық операция жалғасады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Бұған дейін «Жусан» операциясы кезінде елге 50-ге жуық Қазақстан азаматы әкелінген еді. Ресми өкіл бұл операцияның бастамасы ғана, ол әлі жалғасады деп мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен гуманитарлық шарасы 6 қаңтарда жүргізілген еді.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Операция шеңберінде 47 азамат Қазақстанға жеткізілді. Оның 30-ы 1-5 жас аралығындағы сәбилер. Олардың көпшілігі Сирия аумағында дүниеге келген. Сондықтан, бұл операцияның басы ғана. Бұл операция әлі жалғасады. Бірақ, мән-жайын толық айта алмаймыз. Өйткені, бұл операцияда бізге халықаралық ұйымдар мен серіктестер көмектесіп жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.