Ақсуда агроөндірістік индустриялды аймақ құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсуда агроөндірістік индустриялды аймақ құрылады

21.01.2019

Биыл Павлодар облысындағы шағын қала Ақсуда агроөндірістік индустриялды аймақ құрылады. Ол үшін 1000 гектар жер бөлінді. Енді бұл аумақта қайта өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорындар салу жоспарланып отыр. Агропарк шеңберінде жұмыс істеуге қазірдің өзінде 6 кәсіпорын ниет білдірген. Себебі, бұл жерде бизнесті дамытуға қолайлы жағдай бар. Мәселен, электр энергиясының қазіргі құны әр киловатына 17 теңге болса, индустриалды аймақ инвесторлары үшін 8-9 теңге. Жылу мен су жүйесі,  кәріз тарту тегін.

Ринат Тлявкаев, Ақсу қалалық Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жетекшісі:

- Агропарктің өзі 1 мың гектар аумақты қамтыса, одан бөлек, 145 гектар жерді индустриалды аймаққа беріп отырмыз. Әлеуетті инвесторлар келіп жатыр. Мысалы, Қытай компаниясы қант қызылшасын өндейтін зауыт салмақ. Мұндай кәсіпорын облыс үшін өте қажет. Қазір құжаттарын қарап жатырмыз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу