Басты Жаңалықтар Қызылжарда шетелдік инвесторлар көпсалалық аурухана мен тұрғын үй салмақ

Қызылжарда шетелдік инвесторлар көпсалалық аурухана мен тұрғын үй салмақ

Олар 2 корпустан тұратын емдеу мекемесі мен дәрігерлерге арналған екі көпқабатты үйдің жобасымен таныстырды. Қала басшылығының айтуынша, құрылысқа қажетті жер телімдері бар, инфрақұрылым жергілікті бюджет есебінен тартылады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов нақты келісімге келіп, ғимараттардың орнын анықтауды тапсырды. Жалпы, қазір өңірде Қазақстан-Қытай әріптестігі аясында бірнеше жоба жүзеге асуда.  

Джан Гау Чин,  Орталық Азиядағы инвестициялық корпорацияның президенті: 

Біз Солтүстік Қазақстан облысына инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызамыз, жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті тұрғандар болады. Көппрофильді ауруханының құрылысын 3- 3,5 жылда аяқтауды көздеп отырмыз.   

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу