Биыл «Ақмола жастары» бағдарламасы іске аса бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Ақмола жастары» бағдарламасы іске аса бастайды

21.01.2019

Биыл Ақмола облысында «Ақмола жастары» бағдарламасы іске аса бастайды. Оның аясында Көкшетауда  4 тұрғын үй салынып, 616 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарланған. Жастар жылына арналған бағдарлама облыстық бюджет есебінен іске аспақ.

Жалпы, аймақ бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына 8,7 миллиард теңге қарастырылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалдамалы және несиелік баспаналар салынып жатыр. Өткен жылы облыста 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткіш арта түспек. Тапсырылатын жалдамалы және несиелік баспаналар ауданы 2018 жылға қарағанда 2 есе көп болады деп көзделуде.   

Елена Ысқақова, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Көкшетау қаласында 12 несиелік үйдің құрылысы жалғасуда. Бұл 2017 жылы басталған нысандар. 40 пәтерлі баспаналар салынады. Аудандарда да құрылыс қарқынды жүруде. Биыл Атбасарда, Жақсыда, Зерендіде, Шортандыда, Егіндікөлде жаңа тұрғын үйлер қолданысқа беріледі. Олардың барлығы баспана кезегінде азаматтарға үлестіріледі. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу