Басты Жаңалықтар Астанада кәсіптік білім негіздерін қалыптастыруға байланысты семинар өтті

Астанада кәсіптік білім негіздерін қалыптастыруға байланысты семинар өтті

«Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі». Астанада осындай атаумен қалалық семинар өтті. 4 мектептің оқушылары бірігіп, өздерінің түрлі салада жеткен жетістіктерін көрсетті. Қолөнер, робототехника, тіл және басқа пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, дәрістер тыңдады. Сондай-ақ, оқушылар Жапония елшілігі арқылы күншығыстағы қатарластарымен байланыс орнатқан. Қазір хат алмасып, ол жақтағы білім меңгерудің тәсілдерін зерттеп жатыр. Ал, мұғалімдер оқушы тәрбиелеудегі тың тәсілдері бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Кәмилә Күзембаева, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері:

- Бұл - біркүндік қана жұмыс. Келешекте жалғасын табады. Ал, жылдың аяғында осының қорытындысы ретінде әр мектептің жеткен жетістігі туралы өзара тәжірибе алмасып, марапаттаулар өтеді.

Оңғар Алпысбай

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу