Басты Жаңалықтар Қара топырақта емес, минералды мақтаның үстіне өскен қияр мен қызанақ

Қара топырақта емес, минералды мақтаның үстіне өскен қияр мен қызанақ

Астана іргесінде жылыжайда дәл осындай көкөніс өседі. 600 шаршы метр аумақты алып жатқан кешенге «Ғылым қоры» 300 млн теңге бөліп, қолдау көрсеткен.

 «Ғылым мен бизнес біріксе, осындай тамаша нәтиже болады». Бұл Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің заманауи жылыжайды ашып тұрып айтқан сөзі. Жылыжайда агрофотоника әдісі қолданылған. Мұнда өсетін қияр мен қызанақ қуатты күн энергиясынан емес, арнайы жасалған шам сәулесінен алады.

Әнуарбек Сұлтанғазин, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- Қыстыгүні жеп отырмыз. Мұнда әдейі жасалған лампалар орнатылған.

Бір қызығы, мына жемістер біз үйренген қара топырақта емес, минералды мақтаның ішіне тамыр жайған. Су осы мақтаға беріледі. Сол жерден тамыр өзіне қажетті қоректі алып отырады.

Жылыжайға қажетті шамдар осы кешеннің ішінде өндіріледі. Бұл да - қазақстандық ғалымдардың төл туындысы. Зауыт жылына 100 мыңға жуық осындай шам өндіруге қауқарлы.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу