Басты Жаңалықтар СҚО-да Мемлекет сәулет құрылыс басқармасының басшысы аттестат беру үшін пара алған

СҚО-да Мемлекет сәулет құрылыс басқармасының басшысы аттестат беру үшін пара алған

Теріскейде 2018 жылы жемқорлыққа қатысты 75 іс қозғалып, 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл - алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Былтыр өңірде екі бірдей аудан әкімі істі болды. Бірі пара алып ұсталса, екіншісі қызметін асыра пайдаланды деп айыпталды. Ал, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензия беру басқармасы басшысы Марат Абылаев 8 жылға бас еркінен айырылды. Шенеуніктің ақшаға құныққаны соншалық, аттестат беру үшін 700-ден 1500 долларға дейін алып отырған. Теріскейлік экс-басшы тек осы өңірде ғана емес, ел бойынша да танылған. Заңсыз жолмен 13 адамға құжат берген.  

Асхат Жұмағали, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы СҚО департаментінің басшысы:

- Қылмыстық істің негізгі желісі қалай құрылғанын анықтадық. Емтихан тапсыруы тиіс адамдар емтиханға кірмеген, олардың орнына басқа адамдар тапсырып отырған. Үміткердің еңбек кітапшасына жалған мәліметтер енгізілген, компьютерлік базадағы мәліметтерді де оңай алып, жауап нәтижелерін өзгертуге кедергі болмаған. Тергеу эксперименттері кезінде мұның бәрі дәлелденді.     

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу