Басты Жаңалықтар «Бастау» бағдарламасы арқылы 2 мыңнан аса солтүстікқазақстандық өз ісін ашқан

«Бастау» бағдарламасы арқылы 2 мыңнан аса солтүстікқазақстандық өз ісін ашқан

Арнайы курстарда кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген 2 мыңнан аса солтүстікқазақстандық бүгінде ісін дөңгелетіп отыр. Олардың 441-і шағын несие мен арнайы грантқа да ие болған. Жас кәсіпкерлердің арасында ауыл шаруашылығы саласына ден қойғандар көп. Әсіресе, жылқы шаруашылығы мен сүт өндірушілерге барынша қолдау көрсетілуде. Сондай-ақ, тігін цехын ашқандар да бар.

Динара Өмірзақова, кәсіпкер:

- Бір айға созылған оқыту курстарынан өттім. Нәтижесінде грантты қорғап шықтым. Өз ісімізді бір орам матамен және безендіруге арналған бір уыс түрлі-түсті тастардан бастаған едік. Соның арқасында қазіргі жағдайға жеттік деп ойлаймын. Бүгінгі күні біздің қызметтерімізді пайдаланатын халықтың қарасы қалың. Тігіншілеріміздің барлығы да білікті мамандар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу