Атырауда мемлекет қаржысын заңсыз иемденген кәсіпкердің жымысқы әрекеті әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мемлекет қаржысын заңсыз иемденген кәсіпкердің жымысқы әрекеті әшкере болды

16.01.2019

Жеке кәсіпкер қалалық Жұмыспен қамту орталығымен өзара келісімшарт жасасқан. Осы құжат негізінде ол өзге адамның есепшотына бюджет ақшасын аударып отырған. Алайда, келісімшартта көрсетілген 8 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынбағаны анықталды. Осылайша, алаяқ 1 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған. Мұнымен қоса, 20 адамды жұмыспен қамтимын деп жолдасының атына да жеке кәсіп ашқан. Ақыры барлығы 4872500 теңгені заңсыз иемденген.

Бекболат Әнесов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі бөлімінің басшысы:

- №2 Атырау қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкерлік тұлғасының басшысы ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі «Б» тармағы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену әрекеті бойынша және 218-бабтың 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу