Бас прокуратура инспекторды өлтірген браконьерлердің міндетті түрде жазаланатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура инспекторды өлтірген браконьерлердің міндетті түрде жазаланатынын айтты

16.01.2019

Инспекторды өлтірген браконьерлер заңға сай қатаң жазаланады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин айтты. Ал, қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, енді оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» өңірлік басқармасының инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бұл оқиға Бас прокурордың, Ішкі істер министрінің тікелей назарында. Сондықтан, олар кім болмасын, қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетпейді. Қылмыстық кодекстің ең қатал баптарына сай жазаланады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу