Басты Жаңалықтар Ұлттық мұражайда «Көктем мерекесі» атты көрше ашылды

Ұлттық мұражайда «Көктем мерекесі» атты көрше ашылды

«Көктем мерекесі». Дәл осындай атауды арқау еткен фотосуреттер көрмесі бүгін Ұлттық мұражайда ашылды. Шара Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан. Көрші елде жаңа жыл көктем келісімен кіреді. Мереке қарсаңында елшілік мамандары Қытай елінен өзге мемлекеттер осы мерекенің қалай тойланатыны көрсеткісі келген. Бір сөзбен, Қытай елінің мәдениетін, дүниетанымын суреттер арқылы шет елдіктерге таныстыру көзделеді.

Чжан Сяо, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл суреттер Қытайша жаңа жылды шетелдіктердің қалай қарсы алатыны жайлы баяндайды. Әлемнің басқа елдерінде айтулы мерекенің қалай тойланатынын көрсеткіміз келді. Сонымен қоса, Қытайдың еңбекқор, бейбітсүйгіш, қонақжай екенін суреттер арқылы жеткізуге тырыстық.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу